«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы 6 шілде - Астана күніне арналған «Астана – арман қала, бас қала» атты апталықтың бірінші күнін  курс тыңдаушыларымен  бейне дәріс түрінде өткізді. Дәрісті  Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында, Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық, бұрынғы Бозақ қаласынан бастау алатын елорда тарихының құрылғаны туралы кафедра меңгерушісі п.ғ.к. доцент А.Қ. Дүйсенбаев бастады. Одан әрі Астана қаласының бейне фильм көрсетілімі басталып, қазіргі көркейген Астананың  сәулетті кешендерінің тарихымен  таныстырылды. Тәуелсіздіктің  көк туын  желбіреткен Елордамызда әлемдік аренаның айшықты тұстарында қазіргі жүріп жатқан «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің өткізілу барысы туралы айтылды.

 

 Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.