Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –

бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім

 оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан

 сол деңгейде болады. Сондықтан

 ұстазға жүктелген міндет ауыр

Н.Назарбаев

«Қандай тәрбиесіз балалар!», «Қашан көрсеңде ұялы телефонға үңіліп жүреді!», «Ешкімді көрмейді, ешкімді естімейді!» деген сөздер жастарға жиі айтылады.  Шынымен де, қазіргі заманауи жастардың ең өзекті мәселесінің бірі  – танымдық белсенділігінің  төмен болуы.

Неге бұлай болады?

Біздің көзқарасымыз бойынша,  жас ұрпаққа  оқыту және тәрбие беру саласында әртүрлі әдіс-тәсілдердің жете қолданылмауы деп білеміз. Әрине сабақтардың бірсарынды жүретіні, оқушылардың сабақта белсенділік танытпайтыны, өте керемет деген сабақтың өзінде барлық тапсырмаларды мұғалімнің өзі дайындап келетіні жасырын емес еді. Оқушылар тек дайын білімді алды. Мектептің алдында оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен ынтасын арттыру проблемасы тұрды.

Бүгінгі күні оқушылардың оқуға деген қызығушылығын қалай ояту керек? Сабақта оқушылардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдануқалай керек? Сабақта қолдануға тиімді модульдерді қалай пайдалану керек?

Бұл сұрақтарға жауап беруге бізге  жаңартылған  білім беру мазмұнының пилоттық жоба бойынша жұмыс жасайтын №9  мектеп – гимназиясының мұғалімдері: Абылхатова М.Т., Мирук Т.Н., Штукина О.А., Уманская Е.Г келді. Олар презентация, панорамалық сабақ көрсетіп, тренер Куспаева Райхан Булешовнаның басшылығымен орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша курстан өтіп жатқан тыңдаушылардың  көптеген сұрақтарына мазмұнды, толық  жауап берді.

Мұндай кездесулер педагогтарға Қазақстан мектептеріне жаңартылған білім мазмұнын енгізу кезіндегі қиындықтарды жеңуге септігін тигізді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі, аланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясындағы құндылықтарды бала бойына дарыта отырып, жаңа мазмұнда білім беру оң нәтиже береді деп сенеміз. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеге жеткізу ұстаздық шеберлікті қажет етеді.

Қазақстанның болашағы – жаңартылыған білім мен тәрбиеде!

 

Куспаева Р.Б.,

п.ғ.к., кафедрасының доценті

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.