2017 жылдың 23 маусымында Ақтөбе облыстық мәслихатында 2015-2019 жж. арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды  дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Білім" бағыты бойынша Комиссия жұмысының жоспарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының фракциясымен  бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа білім басқармасының өкілдері,аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық, қалалық ғылыми-тәжірибелік орталығының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Комиссияның бірлескен отырысын облыстық мәслихат депутаты, өңірлік  жетекші, "Білім" және "Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша комиссияның басшысы, т.ғ.к. Мухамбетпаизова Женискуль Сагидоллаевна ашты. Қала әкімінің орынбасары Байырханов Жандос Бакытбекович 2015-2019 жж. арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша  Ақтөбе қаласы мен ауылдық мекендердегі 2016-2017 жж. білім нысандарының құрылыс барысымен таныстырды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының директоры, ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі туралы мәселелерді ортаға салды. Өз сөзінде Нургуль Молдабаевна Мемлекет басшысының 2017жылғы жолдауындағы тапсырмалардың білім мазмұнын ұйымдастырудағы жаңа концептуалды тәсіл екендігін ерекше атап өтті. Жаңартылған білім мазмұны аясында педагогтерді оқыту жүйесін ұйымдастыруға қатысты мәселелермен таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

Матсалаева Ж.К.,

баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.