«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы  «Астана-Алаштың бақ ордасы» атты апталықтың екінші күнінде «Әлем таныған Астана» атауымен курс тыңдаушылары арасында ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Кітапхана мамандары Р.К. Назарбаева және  Г.Е. Шынтасова курс тыңдаушыларын  Астана бастауының  хронологиялық даму сатысынан бастап таныстырып,  «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесінің мәніне, келушілер санына, көрме бейнелеріне толығынан тоқталды.Одан әрі  айтылған барлық мәліметтер негізінде «Кім жүйрік?» интеллектуалдық ойыны жүргізіліп,  «Бәйтерек» және «Есіл» топтарына  шығармашылық жетістіктерін көтеру мақсатында сұрақтар берілді. Жарыс соңында кітапхана меңгерушісі Н.Н. Ермекова Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауды хабарлап, жеңімпаз тыңдаушыларға сыйлықтар ұсынылды.

Назарбаева Р.К.

кітапхана маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.