«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтында әлем көз тіккен Астанамыздың мерейлі мерекесіне орай өткізіліп жатқан «Астана-Алаштың бақ ордасы» атты апталықтың кезекті күні курс тыңдаушыларымен «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: тәуелсіздік туын жалындата желбіреткен Астана төріндегі салтанатты сәттен көріністер беру және  өлке тарихының сырларын мәлімдеу. Тыңдаушыларды қызықтырған көрмеде кітаптар жиынтығымен жазылған «Астана» жазуында кітап инсталляциясы жасалып, салт-дәстүрді, тарихты зерделейтін әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандарға «Арман-ПВ» баспасынан шығарылған «История Астаны»,«Народ Казахстана: история и современность» тб., «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Қазақстан» атты  үш тілдегі энциклопедиялық кітаптардың құнды мағлұматтар бергені сөзсіз.  

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.