Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

   Осыған орай  28 маусым 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №7 «Арман» МДҰ  базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды. Әдіскер  Ж.А.Есенова  жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жолдарына тоқталды. Заманауи үлгідегі «Көпіршіктер әлеміне саяхат» атты ұйымдастырылған ойын-сауықта   тәрбиеші З.С.Сатаева мен  логопед М.М.Джумабаева балаларға сүйіспеншілік көңіл-күйін сыйлады. Г.О.Имангалиева мен Э.М.Елемесова  ересек жастағы балалармен сурет салудан  «Жазғы бояулар» атты шығармашылық  жұмыс түрін көрсетті    

Тәжірибе күнінде қолданылған жазғы кезеңдегі әдіс-тәсілдер педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, алғыстарын білдірді.

 

Култаева Л.А.

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.