2017 жылғы 18 тамызда облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының бастамасымен және білім басқармасының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтымен бірлесе ұйымдастыруымен «Отбасы мен мектептің өзара тиімді қарым-қатынасының заманауи түрлері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық слет өткізілді.

 Слетте сан түрлі мәселелер қарастырылды –  жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің күш біріктіруі, тұлғааралық қарым-қатынастардың мәдениетін дамыту, бәсекеге қабілетті тұлғаның білім деңгейін арттыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдау, отбасы мен мектепте жемқорлыққа қарсы тәрбие беру.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Хон Акмарал Рахметоллаевна және институт директоры, ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна слет тақырыбының кездейсоқ алынбағанын, бүгінгі таңда баланың табысты білім алып, тәрбиеленуі отбасы мен мектеп арасында тығыз байланыс болғанда ғана мүмкін екендігіне баса назар аударды.

Слетке  облыс әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдардың, ҚР мемлекеттік істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, ювеналды полицияның өкілдері, ғалымдар мен институттың әлеуметтік серіктестері, педагогикалық және ата-аналар комиетінің қауымдастығы қатысты.

Слеттің құрметті қонақтары – «Мерейлі отбасы» (2016,2017ж.)  республикалық байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары Абдулла Нұскабаевтар, Бекіш Ғалымовтар, Кали  Исмаиловтар отбасы және 14 бала тәрбиелеп отырған Өмірхан Жетесов пен Амангуль  Ешпанованың  отбасы.

Абдулла Нұскабаев ақсақалдың атынан сөйлеген немересі Ерболат Қайратұлы  ынтымағы берік отбасының негізі өзара түсінушілік, сыйластық пен еңбекқорлықта деп атасының аманатын жеткізді.

Педагогтер мен ата-аналарды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевтің атынан марапаттау рәсімінен кейін  Жетесовтер отбасы слет қатысушыларына музыкалық шашу ұсынды.

Ақтөбе облысы бойынша білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Р.С.Серікова Жетесовтер отбасының балаларына оқу құралдарын және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт ұжымы ақшалай сертификат  табыстады.

  Сонымен қатар Р.С.Серікова үздік педагогтерге «Мерке» сауықтыру санаториіне жолдама табыстады.

Слеттің екінші бөлімі  инновациялық алаңдардағы шебер кластармен жалғасты, облыс мұғалімдері жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас тәжірибелерін көрсетті.

Облыстық слет ашық, ынтымақтастықта өтті, қатысушылар іс жүзінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және мектеп пен отбасы байланысын нығайтудағы жобалардың нәтижелерімен танысуға мүмкіндік алды.

 Слетке қатысушылардың жоғары дәрежедегі  бірлескен жұмысы облыстағы қоғамдық және әлеуметтік ұйымдардың педагогтер мен ата-аналар қауымдастығымен белсенді қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылды.

 Слет қорытындысы бойынша облыстағы барлық білім беру қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастығына арналған үндеу қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

баспа қызметі және

қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.