Конституция - мемлекетіміздің тұрақты дамуының, өркендеуінің, әр қазақстандықтың құқығы мен бостандығының негізі. Атаулы  мереке күніне орай ағымдағы жылдың 29-ші тамызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасында «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге келген курс тыңдаушылары мен институт қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы таным-түсінігін арттырып, Ата Заңды құрметтеу, белсенді азаматтық ұстанымдарын, саяси-құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған басылымдармен танысты. Көрмеге Қазақстан Республикасы Конституциясының әр жылдардағы басылымдары, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткен табыстары,  жетістіктері, мемлекет тарихы мен құқығы, құқықтық жүйенің қалыптасуы мен заң шығару саясатына қатысты әдебиеттер ұсынылған.

 Н.Н. Ермекова,

кітапхана бөлімінің бастығы

                                                        

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.