Құрметті  әріптестер!

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес 2017 жылы қазан айының 26-ы күні «Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау»  тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық      он-лайн конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізеді.

Конференцияның мақсаты: инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау аясында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту міндеттерін шешуде біліктілікті үздіксіз арттырудың инновациялық стратегиясының мүмкіндіктерін пайымдау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

‒         педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалауды енгізудің ғылыми-әдіснамалық негіздері;

‒         педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамыту жолындағы нәтижеге бағытталған кәсіби құзыреттілігі;

‒         педагогикалық қызметкердің біліктілігін үздіксіз арттыруды ұйымдастырудағы тиімді амал-тәсілдер;

Қатысуға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, білім беру басқармаларының өкілдері, ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференцияны өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенов көшесі 86 А, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Материалдар 02.10.2017ж дейін қабылданады.

Ақпараттық ресурс: конференция материалдары «Он-лайн конференция» белгісімен orleu-aktobe.kz сайтында жарияланады.

Конференция қорытындылары бойынша қатысушыларға (pdf-форматында) сертификаттар  жіберіледі.

Конференцияның ұйымдастырушы комитетінен электрондық мекенжайыңызға растау хат келген жағдайда, жіберілген материалдар қабылданған болып есептеледі.

Конференцияның жауапты хатшылары:  Сугурбаева Анаргул Сагинбаевна,  Изтлеуова Зульфия Сейлхановна. Анықтама телефондары:            8 (7132) 549188, 8-701-432-17-62, 8-777-800-14-18,  e-mail: kafedra_nt@mail.ru

 

1 қосымша

 

«Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық он-лайн конференциясына қатысуға

Өтінім 

1

Қатысушының аты-жөні  (толығымен)

 

2

Жұмыс орны, лауазымы (толық атауы, қала, облыс)

 

3

Ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы, санаты

 

4

Материалдың тақырыбы

 

5

Байланыс телефоны

 

6

Электрондық поштасы, E-mail

 

7

Жұмыс бағыты

 

 

2 қосымша

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

     •   Мақала көлемі 5 беттен аспауы керек.
•   Қаріп түрі KZ Times New Roman (12 кегль); бірлік интервал;  азат жол – 1,25 см.; жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.               
 1.  Мақала мәтіні қатесіз теріліп, мұқият тексерілуі тиіс.

 2. Оң жағындағы жоғарғы бұрышта автордың Т.А.Ә. (толық) жазылады;

 3. Төменде – лауазым, ғылыми атақ (егер болса), ұйым, облыс, қала көрсетіледі;

 4. Мақаланың атауы бас әріппен, қалың қаріппен, соңында тыныс белгісіз, ортасында теңестіріледі;

 5. Бірлік интервалынан кейін материалдың мәтіні теріледі.

 6. Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі соңында ұсынылады. Тізім библиографиялық сипаттаманың ережесіне сәйкес ресімделу қажет. Әдебиетке сілтеме – мәтіннің ішінде, мысалы [4] немесе [4;25б.], әдебиет тізімінде дереккөздің нөміріне сәйкес мәтінде санмен көрсетіледі.

7. Материалдың мәтіні және өтінім бір құжатқа жинақталу қажет.

8. Мақалалардың материалдары бар файлды атағанда, міндетті түрде фамилия мен автордың инициалдарын көрсету қажет, мысалы, А.А.Асқарова, Конференцияға мақала.

9. Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.

10. Жоғарыда аталған  талаптар сақталмаған және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды, қарастырылмайды және қайтарылмайды.

11.  Ұсынылған материалдың мазмұнына автор жауап береді.

Мақала мәтіні редакцияланбайды және түпнұсқа болып табылады. Ұйымдастыру алқасы семинар тақырыбына және аталған шарттарға сай келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

 

Ұйымдастыру комитеті


Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.