Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанына 5 жыл толуына орай, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес 2017 жылы қазан айының 13-і күні «Білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары және мүмкіндіктері» тақырыбында аймақтық он-лайн семинар (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинар мақсаты: Ақпараттық кеңістікті кеңейту мен білім берудің рөлін арттыру жағдайында білім жүйесі  кітапханаларының жұмысын жаңа тәсілдерге бағдарлау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинар жұмысының негізгі бағыттары:

‒ білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері;

‒ балалар мен жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығы және кітап оқу мәселелері;

‒ тұлғаны дамытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың үйлесімділігі, білімді ұрпақ тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі  және «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде жүргізу;

‒ кітапхана жұмысын автоматтандыру процестерін жетілдіру.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс өңіріндегі филиалдарының, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері, педагогикалық қызметкерлер, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар қатыса алады.

Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Семинарды өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86 А, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Семинардың басталуы: сағ. 1100-де (Астана уақытымен).

Семинар қорытындылары бойынша қатысушыларға (pdf-форматында) сертификаттар жіберіледі.

  Семинарға жауапты:  Ермекова Нұргүл Нұрдәулетқызы.

Анықтама телефондары: 8 (7132) 245414, 8-701-392-4131

e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

 

Ұйымдастыру комитеті

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.