Құрметті әріптестер!

2017 жылдың 16 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институты  «Қауіпсіздік білім беру ортасын құру- сапалы білім беру шарты» тақырыбында онлайн режимінде аймақтық ФОРУМ өткізеді

Өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, Ақтөбе ОБПҚБАИ.

Форум мақсаты – қауіпсіз білім беру ортасын құруда  тәрбие беру үдерісінде психологиялық қолдаудың тиімді жүйесін құру арқылы педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Форумға қатысушылар: аудандық (қалалық) ББ мекемелерінің  әдіскерлері,  мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, әлеуметтік педагогтар, класс жетекшілер, арнаулы оқу орындары (техникалық және кәсіптік) психологтары, жас ғалымдар, магистранттар, ғылыми зерттеушілер, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар.

«Қауіпсіздік білім беру ортасын құру- сапалы білім беру шарты» тақырыбындағы аймақтық ФОРУМ аясында өтілетін іс-шаралар:

 І.  «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру– сапалы білім беруді қамтамасыз ету кепілі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция.

Конференция келесі мәселелер бойынша жұмыс жасайды:

  1.  Рухани жаңғыру – ұлттық сананы қалыптастыруды жүзеге асырудағы прагматизм.
  2. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы негізінде тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері.
  3. Қауіпсіз білім беру ортасы- жеке тұлға қалыптастырудың маңызды факторы.

ІІ. Мастер – класс:

  • « Өзіңді өзің  сақта»
  • «Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету: ізденіс және тәжірибе»
  • «Тәуекел тобы» жұмыстарын ұйымдастыру: идеядан шығармашылыққа»

     Форумға қатысушылардың материалдары мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде қабылданады. Конференция жинағы электрондық форматта шығарылады.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң сақталу керек:

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:

1. Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.

2. Парақтың параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль-12.

4. Жол аралық: 1 интервалмен.

5. Жаңа жол:0,9 см.

6. Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.

7. Баяндама тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

8. Төменгі жағына жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифпен).

9. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.

10. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде квадрат  жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін:   [1, 250 бет].

Форумға қатысу туралы сұраныс 2017 жылдың  1 қарашасына  дейін Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86, ОПКБАИ, Мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасында  қабылданады. Тел: 8 (7132) 56-05-37 E-mail: kafedrapips @ mail.ru. (Қосымша 1.2.) 87752349977

  Ұйымдастыру комитеті

 

Қосымша1

Форумға қатысушыларды тіркеу формасы 

Фамилиясы

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Жұмыс орны

 

Ғылыми дәрежесі

 

Ғылыми атағы

 

Тұратын мекен-жайы (телефон мәліметі)

 

Электронды почтасы

 

Форумға қатысым туралы мәлімет (қайсысына қатысасыз, астын сызып көрсетіңіз)

ü   конференция

ü  мастер-класс

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Жинаққа материалды тіркеу туралы.

Баяндама

Тақырыбы

Қатысушының аты-жөні

Қызмет орны:

Қызметі:

Қатысушының бағыты (секция номерін көрсету)

                                                                                                       Ұйымдастыру  комитеті 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.