«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «Мәңгілік Ел» құндылықтары – ұрпақтар сабақтастығының жалғасы» тақырыбында Ақтөбе облысының қоғам қайраткерлерімен қызықты кездесулер топтамасы өткізілді.

Еркін Құрманбек - ҚР мәдениет қайраткері, құрметті профессор, Қазақстан халық ассамблея жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы - «Мәңгілік Ел - Тәуелсіздік пен Астана»;

Пашкевич Александр Александрович – Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығының директоры - «Мәңгілік Ел - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім»;

Аймагамбетов Избаскан Нурадинович – ҚР құрметті дәрігері, облыстық мәслихат депутаты, еңбек ардагері - «Мәңгілік Ел - Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият»;

Садыкова Қалауша Акмурзовна – кәсіпкер, «Күміс алқа» иегері-  «Мәңгілік Ел - Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім»;

Мухамбетова Жания Жарылгаповна – Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі,  Ы.Алтынсарин  төсбелгісінің  иегері - «Мәңгілік Ел - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»;

Болдыгарина Роза Баяновна – мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысы туралы деректі фильмдердің редакторы, Астана медалінің иегері-  «Мәңгілік Ел -  Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы»;

Ғалымжан Байдербес –  ҚР білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе педагогикалық институтының Құрметті профессоры, “Қос шынар” Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы -  «Мәңгілік Ел - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы».

Кездесуге қатысушылар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарының маңыздылығына баса назар аударды.

 

Ж.К.Матсалаева,

әдістемелік қамтамасыз ету және

инновациялық даму бөлімінің жетекші маманы

MANGILIK EL 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.