«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру аясында  ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде  «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «Инновациялық жобалаудағы  шығармашылық құзыреттілікті дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-тренинг өткізілді.  

Аталған шараға облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пәндік бірлестік жетекшілері, әдіскерлері  қатысты.

Семинар-тренинг модераторы кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. А.Қ.Каплиева  «Европалық зерттеулердегі инновациялық жобалар: идея және әрекет», «Шығармашылық жоба: ізденіс, зерттеу, талдау» тақырыптарында коучинг, кейс-стади, Lesson study, Smart технологиялары бойынша іскерлік тапсырмалар мен тренинг өткізді. 

Қарастырылған мәселелер ТжКББ қызметкерлерінің  қызығушылығын тудырды. Қорытындысында тақырыпқа сай ұсыныстар қабылданып, белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Утаров Б.С.,

бөлімінің бас маманы, магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.