Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» кітапханасы 18-22 қыркүйек аралығында Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» тақырыбында кітап оқу акциясын ұйымдастырды. Акцияға институт қызметкерлері, профессор оқытушылар құрамы, біліктілікті арттыру курсына келген мұғалімдер, қала тұрғындары, балалар қатысты. Акция аясында оқу залында, институт фойесінде, кафедралар мен кабинеттерде, Абай даңғылындағы саябақта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап оқу акциясының мақсаты: мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту, ұлт руханиятының мәртебесін көтеру. Кітап көрмелеріндегі «Бабалар сөзі», «Қазақтың тәлімдік антологиясы», «Балалар кітапханасы» сериясымен шыққан хандар, батырлар, шығыс ғұламалары туралы кітаптар қатысушылардың  қызығушылығын арттырды. Акция соңында кітапханалық флешмоб ұйымдастырылып, бірлік пен достықтың символы ретінде шар ұшырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

 

Ермекова Н.Н.,

кітапхана меңгерушісі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.