Биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының  таңдауына ие болған С.Торайғыров шығаршылығына арналған «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты апталық соңы «Әдебиет айдынындағы жарық жұлдыз» атты әдеби панораманы  ұйымдастыруымен аяқталды.

Институт қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысқан бұл шара кафедраның аға оқытушысы Ә.Ж.Қайдасов оқыған ақынның еркіндікке ұмтылған «Шәкірт ойы» шығармасымен басталды.Жетекші маман Ш.Б. Түменбаев Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өнегелі афоризмдерінің мағынасына жіті мән беріп, осы орайда өзіндік түйген ой-толғамын жеткізді. Институттың аға оқытушысы А.С.Сүгірбаева  әлі де зерттеліп жатқан С.Торайғыров шығармаларының  тәлімдік-тәрбиелік  бағытындағы  өзектілігіне тоқталды. Көсемсөз шебері, арманы асқақ С.Торайғыровтың жыр тізбегін қатысушылар өз пікірлерімен өрнектей отыра тебірене толғады. Ақын еңбектерінен рухани нәр алған тыңдаушылар А.Н.Казиева, А.Утеуова, Н.М.Утарбаева, А.С.Бекбаев т.б.  панораманы өздері шығарған өлеңдерімен жалғады. Соның ішінде Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің мұғалімі А.Н.Календиров ақынға арнаған өзінің «Бір тілек»атты өлеңін оқыды.

 

Бір тілек

  Елім деп соғып жүрегі,

Жетелеп алға жүр еді.

Жете алмай кеткен мақсатын,

Ұрпағы бүгін біледі.

 

 Ойлары анық, жүйелі,

Өмірдің басты тірегі.

    Болған ақын жырлары,

 Халқына болды киелі.

 

Еске алып түрлі кезеңде,

  Танымды аты бар елге.

Сұлтанмахмұттың игі ісі,

Танылсын енді әлемге!

 

Шараға қатысушылар Сұлтанмахмұт есімі мен оның шығармашылығының жыр-дариясы арналы поэзия өзеннің бірі болып қалатынын мақтан етті.

 

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.