2017 жылдың қазан айының 12-і күні №57 ОМ базасында «Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында педагогтардың кәсіби өсуі -  заман талабы» тақырыбында  экспериментатор мұғалімдер қатысымымен облыстық  семинар өткізілді. Семинар модераторлары: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының аға оқытушылары - Сулейменова С.К., Ермекбаева Л.Ж. «Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында мұғалімдер мен оқушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Семинар мақсаты педагогтер іс-әрекетіндегі инновациялық мазмұнында әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдер жұмысының инновациялық тәжірибелерін кеңейту, мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру.

Cеминар барысында мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігіне арналған «Педагогтардың кәсіби қызметінде психологиялық әдістерді, тәсілдерді, қағидаларды қолдана білу біліктілігін дамыту жолдары» тақырыбында  А.Б.Жубангарина коучинг өткізді. Семинар аясында А.А. Мамбетова мен Ж.Т. Докина бастауыш класс мұғалімдері «Жас ерекшелік психологиясын ескере отырып білім беру –сапалы білімді қамтамасыз ету», «Балалардың белсенділігін арттыруға ынталандыра алу педагогикалық қызметтің манызды құраушысы» тақырыптарында жаңа мазмұндағы білім бағдарламасы аясында өз жұмыстарындағы тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысында мұғалімдер алдағы жұмыстарына ақпараттық-әдістемелік материалдар мен  инновациялық құзыреттіліктерін қалыптастыруда ұсыныс кеңестер алды.

 

Ермекбаева Л.Ж.

кафедра аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.