«Білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары және мүмкіндіктері» тақырыбында аймақтық он-лайн семинар «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанына 5 жыл толуына орай Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  өткізілді.

Семинардың мақсаты - ақпараттық кеңістікті кеңейту мен білім берудің рөлін арттыру жағдайында білім жүйесі  кітапханаларының жұмысын жаңа тәсілдерге бағдарлау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.         Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинарды ақпараттық сауаттылықты арттыру мен білімді ұрпақ тәрбиелеуде  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к., Н.М.Абишева ашты.

 Бұдан әрі институттың  кітапхана бөлімінің бастығы Н.Н. Ермекова  білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттарына тоқталды.Семинар кітапханашылардың кәсіби құндылығын қалыптастырудағы өзіндік тәжірибелерімен  бөліскен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс өңіріндегі  филиалдары Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарындағы  ПҚБАИ кітапханаларының жұмыстарымен жалғасты.

Қатысушылар WEB 2.0.технологиясын қолдану, кітап қорының электрондық құжаттарын қалыптастыру, кітап оқуда жаңаша тәсілдерді қолдану барысындағы т.б. өзекті мәселелерді талқылады.

Семинар соңында кітапхана пайдаланушыларының білім алудағы қажеттілігін ақпараттық технологиялар негізінде қанағаттандыруға жағдай жасау секілді  ұсыныстар қабылданып,сертификаттар табысталды.  

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.