... Өткен жүзжылдықта мақтанышпен аталатын "Атом ғасыры" мен "Ғарыш эрасын" қазіргі таңда  қалай атауға болады? Мүмкін «Робот ғасыры» деп атауға болар? Роботтандыру күнделікті өмірде қарқынды дамып келеді. Мұны  креатив робо-жобаларының қатысушылары да шын мәнінде дәлелдеді!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»  «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «КазРоботикс» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника  «КазРоботикс» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымымен бірге  2017 жылдың      20-қазаны күні облыстық креативті робо-жоба байқауын ұйымдастырды.

Байқау орта, қосымша және кәсіптік білім  беру мекемелерінің оқушылар мен студенттердің бойында робот құрастыру және бағдарламалау, білім беру үдерісінде геоақпараттық жүйелерді, сандық зертханаларды, виртуалды конструкторларды пайдалануда ғылыми-техникалық шығармашылық пен инженерлік қабілеттерінің деңгейлерін анықтау және жетістіктерін насихаттау мақсатында өткізілді.

Байқауға оқушылар мен студенттердің өз шығармашылықтарынан туындаған айдағы космостық станция, катапульто, лабиринт, Home Robots, Desert Fighter және т.б. креативті робо-жобалар ұсынылды. Жүлделі жұмыстар дипломдар мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

1. ТжКБ мекемелері

Гран-при – Ақтөбе политехникалық колледжі

І орын - Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі

ІІ орын - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

ІІІ орын - Ақтөбе гуманитарлық колледжі

2. Қосымша білім беру мекемелері

Гран-при – «RoboLand» робототехника клубы

І орын - «РОБОТРЕК» робототехника клубы

ІІ орын - «РОБОТРЕК» робототехника клубы

ІІІ орын - Мектептен тыс білім беру орталығы

3. Жалпы білім беру мекемелері

Гран-при – Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

І орын - М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернат, Ақтөбе  облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернаты

ІІ орын - Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектеп, №41 жалпы білім беретін орта мектеп

ІІІ орын - Хромтау ауданы, Дөң орта мектебі

Байқаудың қатысушылары мен жетекшілеріне, қазылар алқасына, робототехника эксперттеріне алғыс білдіреміз!

  

М.Ш.Нұрмұханбетова,

кафедраның аға оқытушысы, сертификатталған тренер,

жаратылыстану магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.