«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  2017 жыл  қазан айының   26-ы күні «Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау»  тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық он-лайн конференция өткізді.

Онлайн-конференция жұмысында  институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева бәсекеге қабілетті  педагог тұлғасын қалыптастырудың өзектілігі  мен маңыздылығына тоқталып, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.  

Конференция бағдарламасы педагогтердің интеллектуалдық қабілеттері мен  кәсіби мүмкіндіктерін   ашуға бағытталған пленарлық мәжілістен  және үш секция жұмыстарынан   құралды.

Он-лайн-конференциясының қатысушылары «Нұр» Отан партиясы Ақтөбе қалалық филиалының кеңесшісі, п.ғ.к. М.С.Ержақыпов,  Абай ат. ҚазҰПУ, институт директоры орынбасары, ф.ғ.к., доцент А.Т. Ақжолова, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы ПҚ БАИ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, п.ғ.к., доцент И.И.Халитова, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның директоры, п.ғ.к., доцент  Н.Ғ Даумов,  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушысы, филос.ғ.к. Д.А.Мацюк және  филология магистрі, аға оқытушы Р.Р. Жұмағалиева, Жамбыл ПҚ БАИ аға оқытушылары Г.А.Байтенова және Г.С.Аманова,  Қарағанды ПҚ БАИ аға оқытушысы З.К.Разбекова, Ақтөбе политехникалық колледжі ғылыми және оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері С.Б.Есқалиевалардың әріптестік ынтымақтастықтағы бірлескен  жұмысы жоғары нәтиже көрсетті.  

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша   әдістемелік ұсыныстар қабылданып, материалдар жинағы шығарылды. Конференция қатысушылары алғыс хат,  сертификаттармен марапатталды.

 Конференция жұмысына белсенді қатысып, диалогтық қарым-қатынаста жоғары деңгейде кәсіби шеберліктерін көрсете білгені үшін барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

  

Г.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы

  

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.