«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы аясында   профессорлық - оқытушылық құрамы және мұғалімдердің  көмегімен 1500 аса кітап жиналды. Жиналған кітаптарды қаланың жаңадан ашылған №62, №66, №64, №63, №65 орта мектептеріне сыйға тартылды. Шараны  институт директоры,ф.ғ.к. Абишева Н.М. ашып, кітап құндылығының мәніне, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басым міндеттерінің бірі екендігіне тоқталды.

Оқу процесіне қажетті оқу құралдары, көркем  әдебиеттері, энциклопедиялар жаңа мектептердің кітап қорын толықтыруына зор көмегін тигізері сөзсіз. Бұндай қайырымдылық акциялардың алдағы уақытта да өз жалғаса беретінін сенімділікпен айтуға болар. 

  Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.