Институтта «Сапалы білім берудегі SMART-оқытудың тиімділігі»  облыстық тәжірибелік-эксперименттік  жұмысқа (2014-2017 жж.) қатысушы мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін тарату мақсатында және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ының 5 жылдығын атап өтуге байланысты «Білім берудің жаңа парадигмасы: Smart-мұғалімнен Smart-мектепке» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.  

ТЕDхExperiment форматында өткізілген пленарлық мәжілісте Ақтөбе қаласының №10, №14,  №23, №28, №31, №42 мектептер, Пригородный  орта мектебі, Хромтау ауданы №3 ОМ, Ақтөбе қаласының №40 МДҰ педагогтары Smart-оқытуды оқу үдерісіне енгізу тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті.

Workshop форматында жүргізілген тәжірибелік бөлімде конференцияға қатысушылар Smart-педагогтың жұмысына жаңаша серпін беретін web-сервисті қолдану,  GeoGebra, PhotoMath, Easy Quizzy, QR-код бағдарламаларымен жұмыс жасау тәсілдерімен танысты.

Алдыңғы қатарлы мұғалім-экспериментаторлар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы дайындаған арнайы «SMART-МҰҒАЛІМ» белгісімен және мақтау хаттарымен марапатталды.

Конференцияның тақырыбы мен қызықты форматы облыс педагогтарының ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Smart-оқытуды енгізу болашағындағы жоғары қызығушылық көрсеткіші болды. 

Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, әдістемелік материалдардың электрондық жинағы шығарылды. 

 


 К. Рахатова,

инновациялық даму және

әдістемелік қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.