«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент Күніне орай    курс тыңдаушыларымен  30 қараша 2017 жылы «Рухы биік елді, рухы мықты ер басқарады» тақырыбында сурет салу байқауын   ұйымдастырды.

Алғаш сөз алған Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Н.К. Кибатаева  Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президенті Күніне орай  ұйымдастырылған іс шараға қатысудың маңыздылығы  «Мәңгілік ел»  ұлттық  идеяны жүзеге асыру жолында  өскелең ұрпақ бойында ұлттық сананы ояту, еліне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытқан  Елбасы туралы айтып,  қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар Тұңғыш Президент Күніне арнап шығарған құттықтау өлеңдерін оқыды. Байқау «Атамекен» әнімен ашылды. Іс-шара  соңында  салынған  үздік суреттер іріктеліп,  дипломдармен   марапатталды.

Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.