Ақтөбе қаласындағы  №17 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы  базасында 2017 жылдың желтоқсан айының  7  күні  Ақтөбе  облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында интерактивті оқытуды қолдану» тақырыбындағы  қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдеріне арналған облыстық  семинар өткізілді. 

Семинар барысында №23 орта мектеп-лицейінің директоры Г.М.Наримбетова, кафедра доценті, п.ғ.к. Р.Б. Куспаева, кафедра доценті, ф.ғ.к. А.Б. Уразымбетова, №23 орта мектеп-лицейі директорының орынбасары тілдік білім берудегі жаңартылған білім беру бағдарламасы, критериалды бағалаудың оқушылар әрекетіндегі қызметі және  CLIL тілдік пәндерді кіріктіріп оқыту мәселелеріне тоқталды.

Семинарда бинар сабақтар көрсетіліп, курс тыңдаушыларымен инновациялық тәжірибемен бөлісу мақсатында сабақтар өткізілді. Семинар өз мақсатына жетті.

                                                                        

                                                                         Куспаева  Р.Б.,

кафедра доценті  

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.