Тәуелсіздік күні – еліміздің бірлігі пен ынтымақтастығын дәріптейтін,тарих қойнауының тағылым тереңінен таңдап алынған еркін өмірді аңсаған егемен елдің  ұлы мерекесі.

Ел Тәуелсіздігі мерекесіне қарсаңында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ музейінде  қаламыздағы гуманитарлық колледждің студенттерімен «Тәуелсіздік – ел тілегі, елбасы  - ел тірегі» тақырыбында бейне - салон өткізілді.  Шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М. Абишева құттықтау сөзімен ашып,Тәуелсіздіктің мәніне тоқталды. Одан әрі  қазақ елінің тарихи оқиғаларын, ғасыр тоғысындағы азаттықтың айғағы,  әлемдік аренадағы жеткен жетістік биіктіктерін байланыстырған «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»  атты бейне – фильмі  көрсетілді.

Шараға қатысушылар мерекемен құттықтап, жас ұрпақ шығар жаңа белестердің биік болуына тілектестігін  білдірді.

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.