Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы  Ш. Бекмухамбетова ат. мектеп- гимназия базасында «Өрлеу» БАҰО АҚ мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарын Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА ұйымдастыруымен өзгертулер енгізетініне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген іс-шараға Ойыл ауданы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық топ тәрбиешілері қатысты. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы Ж.О.Жубаева «12 жылдық білім:«0+11» таныстырылымы бойынша түсіндіру жүргізіп, енгізулермен таныстырды. Жаңа үлгілік жоспарда енгізілетін өзгерістер мен «Әліппе»,  «Математика» оқулықтары мен жұмыс дәптерлері негізде жұмыс жасау, оқыту үдерісін жоспарлау   мен 5 жасар балаларды оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу қорытындысына сүйеніп, жан-жақты түсіндірді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі 0-сыныптан бастау алатындығы айтылды.

Аталған шараға Ойыл аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Л.О.Оразова мен Г.Жакыпбекова да қатысып, өзіндік пікірлерін білдірді.

 

Жубаева Ж.О.,

кафедра аға оқытушысы  

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.