М.Маметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде 2017 жылдың 20-шы желтоқсанында  «Колледждегі инклюзивті жағдайдағы білім алушы студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинар мақсаты:  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кедергісіз білім беру ортасын құру. Семинардың теориялық бөліміне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, пед.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева қатысты.

Семинарға облыстың кәсіптік және  техникалық білім беру мекемелерінің әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Тәжірибелік семинарда осы колледждің инклюзивтік топтарының оқытушылары білім алушылармен шебер-кластар, кіріктірілген сабақтар өткізді. Семинар соңында психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушыларға инклюзивті топтармен жұмыс жасауға бағытталған нұсқаулықтар таратылды.

 

Мирова Ш.Б.,

кафедра лаборанты

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.