2017 жылдың  26-желтоқсан күні    «Өрлеу»  БАҰО» АҚФ   Ақтөбе облысы бойынша    ПҚБА  институт директоры ф.ғ.к., Н.М. Абишеваның төрағалық етуімен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес отырысында филиал директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., – Н.К. Кибатаева және инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі - К.Ж. Рахатовалардың төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалары тыңдалды.

- «Коучинг - мектеп – орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың кәсіби шығармашылық дамуының тиімді негізі»;

- «Педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесіндегі инновациялық үдерістер:  мақсаттан нәтижеге» («Өрлеу»  БАҰО» АҚ  5 жылдығына) ;

  Ғылыми кеңес мүшелері, кеңеске  шақырылған ПОҚжәне  филиал тренерлері күн тәртібінде қаралған мәселелерді қызу талқылай отырып, «Өрлеу»  БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының рухани жаңғыруға ішкі талпынысын жаңарту жағдайында институттың инновациялық қызметіндегі басымдылық бағыттарын дамыту қағидаттары негізінде өзектендіру бойынша ойларын ортаға салды. Кеңесте институт ұжымының  2017 жылғы  жұмысы қорытындыланып, 2018 жылға міндеттер анықталды.  Күн тәртібінде қаралған сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар беріліп, шешім қабылданды. 

                                         Абулхайрова  Г.Е.,

               Ғылыми кеңес хатшысы 

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.