Балаға кітап сыйлаудың қарапайым түрі    - мектеп кітапханасының   тілегін орындау! Жақсы істерге арқау болуға әрқашанда асығыңыз!

Жаңа Жыл қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы ПҚБАИ кітапханасында кезекті қамқорлық акциясы өткізілді, акция мақсаты - Ақтөбе қаласындағы жаңадан  ашылған мектептердің кітап қорын толықтыру. Барлық жиналған кітаптар №62 ОМ, №63ОМ, №64ОМ, №65 ОМ, №8 ОМ, №10 ОМ және «Ақтөбе облыстық арнайы физика-математика мектеп- интернатына » тарту етілді.

Акцияға қатысушы барлығыңызға кітап сыйлағандарыңыз  үшін, кітапханаға деген қамқорлықтарыңызбен кітап пен кітап оқуға  деген сүйіспеншіліктеріңіз  үшін ризашылығымызды білдіреміз. Келе жатқан Жаңа Жыл мерекесі әрбір үйге мейірімділік пен жайлылық әкелсін, бейбітшілік және өрісі кең өркениет  тілейміз!

Жаңа 2018 жыл жемісті және табысты жыл болсын! Баршаңызға  және Сіздің жақындарыңызға бақыт, мерекелік көңіл күй, денсаулық тілейміз!  

Назарбаева Р.К.

Кітапхана маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.