«Астана – ғылым мен білім ордасы»

Облыстық педагогикалық эссе байқауының ережесі

 

 1. Жалпы ереже

1.1.Бұл ереже   «Астана – ғылым мен білім ордасы»  облыстық педагогикалық эссе байқауының  (бұдан әрі - байқау) ұйымдастырушылық қолдау қызметін, байқауға қатысу шарттарын және байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

1.2. Байқау  ұйымдастырушылары: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы.

1.3. Байқау қашықтан, Интернет технологиялары арқылы жүргізіледі.

2. Мақсаттары мен міндеттері

Байқаудың мақсаты - тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласының дамуына қазақстандықтардың бірлігі мен мақтаныш сезімін күшейту және елордалық имиджді көтеруге мұғалімдердің белсенді қатысуы.

Байқау міндеттері:

- дарынды мұғалімдерді анықтау, кәсіби, жеке және шығармашылық әлеуетті дамыту және жүзеге асыру;

- Қазақстан мемлекеттілігінің идеясын, Қазақстанның ғылыми және мәдени жетістіктерін нығайту, Астананың оң имиджін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибемен алмасу үшін шығармашыл мұғалімдерге, тәрбиешілерге, оқытушылар мен студенттерге пікірлесу алаңын ұсыну;

- мұғалімнің білім беру үрдісіндегі азаматтық ұстанымының негізінде  жас ұрпақ санасында Қазақстан астанасының имиджін бекіту;

- жаңа білім беру технологияларын, инновациялық әдістерді қолдану және педагогикалық тәжірибені тарату. 

3. Байқауға қатысу

3.1.  Байқауға білім беру ұйымдарының педагогтері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, бастауыш, орта және кәсіптік білім беру ұйымдары, түзету білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымдары) қатыса алады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері де өз жұмыстарын ұсына алады.

3.2.  Қатысушылардың жасы және педагогикалық тәжірибесі шектеулі емес.

3.3. Жіберілген материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды. 

4. Байқау шарттары мен тәртібі

4.1. Қатысушылардың материалдарын қабылдау 2018 жылдың 17 қаңтарынан басталып, 12 ақпанға дейін қабылданады.  

4.2.  Облыстық байқау қорытындысы 15.02.2018ж. филиал сайтында жарияланады.

4.3. Байқауға қатысу  үшін сұраныс тақырыбына  байқаудың атауы және қатысушының аты-жөні толық көрсетіледі.

4.4.  Материалдарды тапсырудың мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, Тургенев көшесі, 86, e-mail  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.. 

5. Байқау материалдарына қойылатын талаптар

5.1. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіреді. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, аталған мәселені еркін баян ету, дәлелдеу бойынша ізденіс жасау.

5.2. Байқауға Интернетте бұрын жарияланбаған жұмыстар қабылданады. Интернеттен, кітаптан және бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндерін пайдалануға, плагиатқа жол берілмейді.

5.3. Бірлескен авторлыққа жол берілмейді (эссені бір мұғалім жазуы тиіс).

5.4. 5.4. Жұмыс мәтіндік редактордың Word түрінде жазылу керек. Қарпі - Times New Roman, өлшемі 14, жол аралығы – 1, парақ енімен тегістеу. Жұмыстың көлемі А-4 форматының 2-3 бетінен аспауы керек (титулды бетті қоспағанда). Жұмыстың титулдық бетінде келесі ақпаратты қысқартуларсыз көрсету қажет: автордың аты-жөні, лауазымы, білім беру ұйымының толық атауы, конкурстық жұмыс атауы. 

6. Байқау  материалдарын бағалау критерийлері

6.1.  Материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- жұмыстың тақырып мазмұнына сәйкес келуі;

- логиканың болуы, баяндау бірізділігі;

- сауаттылық, орыс немесе қазақ тілі нормаларының сақталуы;

- педагогтың авторлық жеке ұстанымының айқын көрінуі;

- тақырыпты  ашуға нәр беретін айқын, түрлі-түсті салыстыруларды қолдану;

- жағдайды жеке талдау, қызықты мысалдар, мәселені тиімді шешу, пайдалы ұсыныстар;

- нақты, теориялық, мазмұнды, грамматикалық, емле және пунктуациялық  қателердің болмауы;

- тақырыпты ашуға  стандартты емес тәсіл қолдану;

- материалдардың сапасы (эмоционалдылық, баяндау жеткіліктігі, ресімдеу);

- техникалық талаптарға сәйкестігі. 

7. Қорытындылау

7.1. Байқау нәтижелерін, жеңімпаздар  мен жүлдегерлерді Сараптама комиссиясы анықтайды.

7.2. Жеңімпаздар мен  жүлдегерлерге Дипломдар мен грамоталар беріледі.

 

 

 

Орындаған: Матсалаева Жазира Калдыбаевна

Байланыс телефоны: 8-7132-545929

Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі.


Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.