1. Жалпы ереже

1.1. Оқу мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатында 1- 4 сынып оқушыларын кітап оқуға баулуда білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты облыстық  интернет-сайыс (одан әрі - Сайыс) өткізіледі.

1.2. Бұл Ереже  сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

2. Сайыстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты: Оқушының тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту.  Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оқу сауаттылығына баулу. Еліміздің болашақ ұрпағына халық мұрасының қазыналарын жетік  білуіндегі танымдық көзқарасты қалыптастыру, оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.


2.2. Сайыс міндеті :

Оқушыларды  кітап оқуға тартуға жетекшілік ету;

-қоғамдық іс-шараларды  өткізуде  озық тәжірибені іске асыру, кітапхана қызметтерін алға жылжыту;

 -кітапхана жұмысындағы инновациялық іс-тәжірибелерді енгізуде кітапханашылардың  кәсіби  біліктілігін жетілдіру.

3.     Сайыстың өткізілу тәртібі

3.1.  Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын  қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2018 жылдың 20-шы ақпанына  дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

- сайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- сайыс жұмыстарын қабылдау;

 -ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;

- сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына  келісетіндікті    білдіреді.

4.     Сайыс материалдарын рәсімдеу талаптары :

4.1.Әрбір қатысушы өз жұмысын  тек бір ғана номинация  бойынша көрсете алады.

Номинация «Ертегі патшалығы шақырады» – кітап көрмесі  

Номинация «Ертегілер мейрамы» – әлем ертегілеріне арналған шаралар (кітап презентациясы, ертегі авторының презентациясы , кітап-дефиле, тб.)

Номинация «Ертегі әлеміндегі кейіпкерім» - ертегідегі сүйікті кейіпкерлерді сомдау.

Номинация «Сүйікті ертегіден үзінді»  - тақырып бойынша 2-3 минуттық бейнеролик,буктрейлер

Номинация «Біз қай ертегіденбіз?» - тақырып бойынша ойындар (ертегіден алынған үзінді көрінісінің тақырыбын табу)  

5. Бағалау өлшемдері

- берілген материалдардың мазмұны педагогикалық мақсатқа, білім беру міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі;

- сайыс тақырыбына сәйкес болуы;

- тақырыптың ашылу деңгейі: сауаттылығы, айқындылығы, көлемі, пайымдылығы;

- оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне сай жобаның дизайны (түстері, бірыңғай стиль, визуалді эффектілері);

- сайысқа қатысушының кәсіби шеберлігі, эрудициясы, шығармашылық жұмысының жоғары деңгейі.

6.     Марапаттау

6.1.Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

6.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары диплом және серитификаттармен, алғыс хатпен марапатталады.

 

                                                                                                Ұйымдастыру комитет

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.