«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ 2018 жылдың  25 қаңтары күні М. Дулатов атындағы №63 ЖББОМЛ базасында «5-7 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинар сындарлы диалогке құрылып, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған  тиімді әдіс-тәсілдерді   тәжірибеде қолданды.

Жұмыс барысындағы  семинардың теориялық бөлімінде пән мұғалімдері А.Е.Бакытжанова және З.К.Тулеубаева «Оқи жүріп, үйренейік» коучингін өткізді.  Коучинг жұмысы мұғалімдерге ғылыми-теориялық ақпараттарды шынайы тұрғыдан қабылдауға үлкен мүмкіндік берді.

Тәжірибелік бөлімінде мұғалімдер Ш. А. Дәулетова, Г. Ж. Оңғарбаева, Қ. М. Тажикенова, А. Е. Джаппарова, К.Қ.Тоқсанбаева, З.К.Төлеубаева, М. Ә.Сарина, А. М. Елекеевалар оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)  ашық сабақтар шеруін көрсетті.

Семинар форматының ерекшелігі,  яғни қатысушылар өздері оқушылар рөлінде болып  жұмыс барысында «QR, Kahoot» бағдарламаларын тиімді пайдаланды.

Қорытынды бөлімі  «Тиімді кері байланыс: бағалау және талдау» рефлексиясы бойынша жүргізілді. Мұғалімдер аталған семинардың маңыздылығына тоқталып,     сындарлы кері байланыс ұсынды. Облыстық семинар-практикум қойылған мақсатына толықтай жетті. 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистр 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.