«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ

 «Ақбөбек» білім  беру орталығы

 

«Заманауи білімге жаңаша көзқарас: идея және тәжірибе»

Халықаралық конференциясы

29-30 наурыз 2018 жыл. Ақтөбе қаласы

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалы және «Ақбөбек» білім беру орталығы Ақтөбе қаласында 2018 жылдың 29-30 наурызда өткізілетін  «Заманауи білімге жаңаша көзқарас: идея және тәжірибе» атты халықаралық  конференцияға  қатысуға шақырады.

 Конференцияның  мақсаты:

  • жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогтердің педагогикалық шеберлігін шыңдау;
  • білім беру мен тәрбиелеудің жоғары сапасына қол жеткізудің негізгі шарты – жаңартылған білім мазмұнын дамытудың перспективалары мен мүмкіндіктері;
  • үздік оқу орындарының және педагогикалық қызметкерлердің жетістіктерін тану мақсатында шетелдік және қазақстандық тәжірибені көрсету;
  • педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Конференция Қазақстан, Финляндия, Ресей педагогтерінің ынтымақтастығын нығайтып тәжірибе алмасуын көздейді. Конференцияға мемлекеттік білім беру ұйымдарының мамандары, қазақстандық және шетелдік педагогтер қауымы, педагогикалық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің басшылары және орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатынасады.

Конференция бағдарламасы пленарлық және секциялық отырыс бойынша төмендегі бағыттарды қамтиды.

  1. Бастауыш білім беру: Тәжірибе және инновация.
  2. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу арқылы игі іске қол жеткізу.
  3. Рухани жаңғырудың негізі – ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
  4. Кіші жастағы балалардың интеллектуалдық және шығармашылық  әлеуетін  дамыту.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың материалдары  электронды  жинақ болып  шығарылады.

Халықаралық конференция «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, «Ақбөбек» білім беру Орталығы және Педагогикалық шеберлік Орталығының  бірлесуімен ұйымдастырылады.

Конференция жайлы қосымша мәліметтерді, қатысуға арналған сұраныс формасын web-сайтте  www.orleu-edu.kz сайтынан  біле аласыздар.

Сұранысты және жинаққа материалды 2018ж. 1 наурызға дейін  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.  электрондық поштаcына жібере аласыздар.

Байланыс телефондары: 8-7132 560537 (кафедрамен байланысты сұрау).

 

 Ұйымдастыру комитеті

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.