«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында 26.01.2018 күні мектеп пен колледж педагогтарына ғылыми-әдістемелік жарияланымдарды дайындау технологиялары бойынша оқыту әдістемелік семинары өтті. Семинар жұмысы педагогтардың жарияланымдық белсенділігін  арттыру және ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды.

Семинар жетекшісі – филол.ғыл.к., PhD, проф. А.Қ.Мырзашова жарияланымдарды дайындау технологияларын интербелсенді режимде және тренинг форматында меңгертті. 60-қа жуық облыс педагогтары белсенді қызығушылық танытып, жарияланымдардың барлық аспектілеріне үңілді – мазмұндық, стилистикалық, лингвистикалық, техникалық, ақпараттық-ресурстық. Соның ішінде – ғылыми-әдістемелік жарияланымның нысаны, проблемасы, оның құрылымы мен құрамды бөліктері, негізгі элементтері, әдебиеттерді ресімдеу ережелері, сілтеме талаптары практикалық назарға алынды.

Қатысушылар  «Өрлеу» Ақтөбе филиалына осындай форматтағы семинарға, оның мазмұнына жоғары баға беріп, өз пікірлерін алғыс сөздерімен жеткізді; семинар жетекшісіне – сапалы деңгейдегі біліктілікті арттыру жұмысы үшін шын алғыстарын білдірді. 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы, магистрі 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.