ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының  негізгі ережелерін түсіндіру бойынша  ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық іс-шараларының желілік кестесі аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық диалогтік  алаңы ұйымдастырылды.

Өңірдің белгілі ғалымдары мен институт мамандары, облыс педагогтары «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе филиалының пікірлесу алаңында педагогикалық идеяларды  таныстыру және талқылау үшін бас қосты. Диалогтік алаң жұмысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша идеялар мен педагогикалық көзқарастар ұсынылды. Филиал директоры, филол.ғ.к. Н.Абишева өңірдің педагогикалық қауымының алдында тұрған маңызды мемлекеттік міндеттер туралы айтып, алаң жұмысында қарастырылатын  негізгі тақырыптарға бағыт берді.

Пікірлесу алаңы ғалымдар мен педагогтардың, білім беру ұйымдарының тәжірибелері мен көзқарастарын үйлесімді мазмұнда біріктірді. Олар: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  ғылым және инновация бойынша проректоры, тарих.ғ.к.,  профессор Р.А.Бекназаров, Ақтөбе қаласы «Нұр Отан» филиалының кеңесшісі, п.ғ.к. М.С.Ержақыпов, институттың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. А.К.Дуйсенбаев, ф.ғ.к., профессор А.К.Мырзашова, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері А.С.Токбасова, кафедраның аға оқытушысы  Г.Е.Абулхаирова, институт кітапханасының меңгерушісі Н.Н.Ермекова.

Диалогтік алаңға қатысушы 100-ге жуық  педагог, жастармен жүргізілетін  патриоттық тәрбиелеу жұмыстарының дамуы, олардың білім берудегі этномәдени негіздерімен байланыстары, саналы тұлға мен білім берудегі стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру, рухани құндылықтарды сақтау жолдары, отбасы институтының маңыздылығы, ұлттық мәдени мұраға бет бұру мәселелерін кәсіби  тұрғыда талқылап, мәнін ашуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, кешегі күннің адамы мен бүгінгі цифрлік өмірдің өкілі арасындағы айырмашылықтар, мамандық таңдау өзектілігі мен саналы шешім қабылдау, мамандық таңдау мәдениеті  туралы мәселелер де айтылды.

Қатысушы педагогтар білім беру қызметінің жетістіктері мен өзекті аспектілерін талдауда жоғары белсенділік танытты. Қорытындысында білім беру ұйымдарында бағдарламалық мақаланы одан әрі жүзеге асыру үшін ұсыныстар қабылданды. Пікірлесу форматындағы жұмыс   интербелсенді өтті.

 

Ж.К.Матсалаева,

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.