«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында 31.01.2018 күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының  басым бағыты болған латын әліпбиін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша облыс педагогтерімен бірге «Латын графикасының тарихи аспектілері» тақырыбында облыстық пікірлесу алаңы ұйымдастырылды.

Пікірлесу алаңының жұмысы латын графикасына көшуді табысты жүзеге асырудағы тарихи факторларды талдау және әліпбидің жаңа Жобасын бірлесе зерделеуге бағытталды.

Шараның алғашқы бөлімінде кафедра меңгерушісі,  п.ғ.к. А.К.Дүйсенбаев Қазақстан Республикасы «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі және тілтанушылар ұсынып отырған латыннегізді әліпбидің жаңа Жобасына  жан-жақты ғылыми-танымдық ақпарат беріп, мәтінді жазу мен жазылған мәтінді көзшалыммен шапшаң игерудегі жаңа Жобаның ерекшеліктері мен тиімділігіне  тоқталып өтті.

Кезінде ұлы ғалым, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», - деген екен. Ендеше, өркениет көшіне ілесу үшін латын қарпіне көшу қажет деген ортақ пікірге облыс педагогтері  бірауыздан келісіп,  Елбасының рухани жаңғыру жолындағы идеялары мен бастамаларын қолдайтындығын білдірді. 

 

Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.