Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 31 күні өткізілген облыстық семинарда бас қосқан   тарих пәнінің мұғалімдері  білім беру үдерісін жаңарту аясында тарих пәні оқытушылары үшін оқытуда құндылықтарға бағытталған тәсілді пайдаланудың  тиімді тұстарын қызу талқылап, тәжірибе алмасты. Аталмыш шара Ақтөбе қаласының № 30 ОМ ұйымдастырылды. Семинарды мектеп директоры Ж.У.Терекова ашып, мектепте білім мазмұнын жаңарту мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан істерге жиналғандардың назарын аудардыСеминар барысында мектептің тарих пәнінің оқытушылары: Д.Ы.Абдуллина мен  А.Д.Джугунысовалар 5-ші және 7- класта өткізілген сабақтарында оқу әрекетін құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерімен облыстың түпкір-түпкірінен жиналған әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Отан тарихын ұлттық идеологиямыздың негізгі өзегіне айналып отырған  Мәңгілік Ел идеясы негізінде оқыту - білім мазмұнын жаңартудағы  педагогтар алдында тұрған басты міндеті. Облыстық семинар   «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын тарих сабақтарында жүзеге асыру жолдары бойынша пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасып, пікірлесуіне жағдай жасау арқылы өз мақсатына жетті.      
«Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы ПҚБАИ ұйымдастыруымен өткізілген  бүгінгі шара  «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея екендігінің тағы бір айғақты дәлелі болды.

 

Абулхайрова Г.Е.,

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы ПҚБАИ, кафедраның аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.