Тарих пәнін оқытуда білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері Ақтөбе қаласының  №1орта мектебінде талқыланды. «Инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді қолдану – мұғалімнің кәсіби өсу факторы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум аясында тарих пәнінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, қазіргі кездегі тиімді оқыту үдерісін жетілдіру бойынша пікір алмасты.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде мектеп мұғалімдері Қазақстан тарихынан панорамалық сабақтарын ұсынып, өздерінің шығармашылық қызметін, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, коммуникативті құзыреттіліктерін көрсетті.

Қорытындысында тақырыпқа сәйкес әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

Отарбаева Л.Л.,

институттың жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.