Үстіміздегі жылдың бірінші жұмасында, 02 ақпан күні Ақтөбе облысының «Нұр Отан» партиясы филиалының жанындағы Қоғамдық қабылдауы негізінде облыс азаматтарын тақырыптық мәселелер бойынша қабылдау өз жұмысын бастады. «Ақтөбе-Өрлеу» БАҰО филиалының директоры, филол.ғыл.канд. Н.М.Абишева «Білім» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының Комиссия мүшесі ретінде осы жұмысқа атсалысты.

«Ақтөбе-Өрлеу» БАҰО филиалы қоғамдық жұмыстарға араласу бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп, аймақ үшін маңызды әлеуметтік жобаларға тұрақты түрде қатысады. «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының мұндай қоғамдық қызметі әлеумет пен педагогикалық қауымдастық  сабақтастығын қамтамасыз ететін өзекті біліктілікті арттыру бағдарламаларын жасақтауға ықпал етеді. Педагогтар үшін бұл жұмыс түрлерінің екі жақты маңыздылығы бар, олар –  қоғам өкілдері болып табылатын ата-аналар қауымдастығымен байланыс жүргізсе, екінші жағынан, болашақ қоғам азаматтарын – оқушыларды дайындайды. 

Мырзашова А.К.,

бөлімінің жетекші маманы, филол.ғ.к., PhD, профессоры

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.