«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырады, азаматтық мәдениетке қалыптастырады және дамытады.

Осыған орай  ағымдағы жылдың 1 ақпан күні  Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндіктің  ашылу салтанаты өтті. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру   бағдарламасы тренерлері А.Токбасова мен Л. Култаева қатысып, жоспарланған шаралардың маңыздылығы мен оқу орнының пилоттық білім беру ұйымы ретінде ерекшелігіне тоқталды.  Қатысушылар онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралармен танысып, іс-шараны «Мейірім төккен ана» тақырыбында ұйымдастырылған кітаптар көрмесінен бастады. Іс-шараға колледждің барлық бөлімдерінің педагогтары мен  студенттері қатысты.

 

Токбасова А.С., Култаева Л.А.,

филиалдың сертификатталған тренерлері

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.