Мұражай  - мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқаратын тәрбиелік орын. 

Мұражайдың қазіргі заманғы коммуникациялық моделі түрлі аудиториямен жұмыс жүргізуге бағытталған.

2018 жылдың 02 ақпанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ курсқа келуші тарих пәні мұғалімдері педагогикалық мұражайдың  жәдігерлерімен танысты.   Келушілер Ақтөбе облысының тарихи даму кезеңдері мен Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытуға өз үлестерін қосқан педагогтердің іс-тәжірибелерімен танысты. Экскурсия соңында оқытушылар оң пікірлерін білдіріп, жаңа ақпараттармен сусындады.

Р.К. Назарбаева,

                                                                                  филиал кітапханашысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.