«Ақтөбе-Өрлеу» филиалында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты  Институттың   қуатты  жастарынан құрылған бастамашыл топ аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған қадамдар мен шараларды қолға алды. Сауықтыру салтына айналдырған шаралар – волейбол бойынша секция жұмысы,  қысқы туристік базаға шығып серігу, қысқы жарыстар мен табиғатты тамашалау. Қазіргі таңда «Ақтөбе-Өрлеу» волейбол командасы облыстық жарыстарға дайындық жүргізуде.

Салауатты өмір салты Ақтөбедегі өрлеуліктердің корпоративтік мәдениетін нығайтуға, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға, жұмыс бабындағы эмоционалдық және психологиялық кедергілерді жоюға ықпал ететіні сөзсіз.  

«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» тобы барлық қызметкерлерді осындай салауатты  шараларға  қосылуға, дене шынықтыру жаттығуларын әдетке айналдыруға, салауатты әдеттерді өмір стиліне айналдыруға  шақырады.  Жарайсындар, өрлеуліктер, тек алға!

        

                                

Мырзашова А.К.,

бөлімінің жетекші маманы, филол.ғ.к., phD, профессоры

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.