Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе политехникалық колледжі бірлесе отырып   курс тыңдаушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін дамыту» тақырыбында облыстық  семинар-практикум өткізді. 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бөлімінің бас маманы Б.С.Утаров және  колледж бас директорының ҒОӘЖ жөніндегі орынбасары п.ғ.к. А.Т.Аймукатов семинар жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Өз сөздерінде олар жаңартылған білім мазмұнын енгізу идеялары бойынша ТжКБ ұйымдары оқытушыларының инновациялық тәжірибе көрсету және өзара тәжірибе алмасуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа форматтағы мамандарды даярлау мәселелерінде ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Колледждің білікті мамандары ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану, өндірістік жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің әдіс-тәсілдірі биология мен математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар қарастырылған мәселелердің өзекті екендігіне тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.

 



Б. Утаров,

инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз  ету  бөлімінің бас маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.