Гендерлік сәйкестік және өзін-өзі тану дегеніміз не? Гендерлік көзқарас негізінде оқу үдерісін қалай ұйымдастыруға болады? Ол неге қажет? Гендерлік құзыреттілікті қалыптастыруда қоғамның рөлі қандай? Құқықтарды және міндеттерді қалай үйлестіру керек?

         «Өрлеу« БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік семинарында жоғарыда аталған өмірлік мәселелерді талқылау, қиын жағдайлардан шығу жолында сындарлы шешімдерді іздестіру тақырыптары қарастырылды. Осы мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандар: Ивченко А.А., Елеуова Б.А., Гришина Н.Б., Жумагалиев А.Р., Закирова Г.К., Юрчик Л.М., Лысенко О.В.

          Семинар қатысушылары    ер балалар мен қыздарға гендерлік тәрбие беру үлгісін ескере отырып, әлеуметтік және отбасылық тәрбие беруде қолдану болашағын талдай отырып, гендерлік тәрбие беру мен оқытуды мектепке дейінгі жастан бастау керек деген қорытындыға келді. Адам өз ақыл-ойына, жасына, жынысына сәйкес келетін жыныстық білім алуға тиіс.

          Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

        

        

Отарбаева Л.Л.,

бөлімнің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.