Кітапхана  - заманауи білім берудің басты құралдарының бірі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  терең тағылымдық бағыттарын ұрпақ санасына сіңіруде, тәлімдік –тәрбиелік мәнін ашуда кітапхана кеңістігінің алар орны ерекше.

Осы орайда кітапхана арқылы оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге,  жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай туғызуды қалыптастыруға ықпал жасауда   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ПҚБАИ кітапханасында «Заманауи білім берудегі кітапхана: болашаққа көзқарас» атты облыстық семинар өтті. Семинарда рухани қазына көзі –кітап пен кітапхананың ерекшеліктері және олардың атқарар істеріндегі ұрпақ тәрбиесінің игілігіне айналған тиімді жолдарды мысалға келтіре отырып, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының консультанты М.С. Ержақып  тәлімгерлік аясында өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.

С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы, С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Алға облыстық балалар үйі кітапханасы, Ойыл ауданы Көсембай НМ, Қандыағаш қаласы №3 МГ кітапхана мамандары қазіргі кездегі кітапхана ісіндегі өзекті мәселелер мен оқырман  арасында өткізілетін әртүрлі жаңа жобадағы шараларға тоқталды.       

Ал, «Рухани жаңғыру - елдігімнің негізі» тақырыбына сәйкес көркемделе бейнелеген флешмоб қатысушылардың бағдарлама аясында атқарылар істерінің жалғасындай   болды. «Кітапхана - рухани жаңғыру жолында»атты   кітап инсталяциясы  жасалды. Семинар соңы рухани орда – кітапхананың және кітапхана мамандарының құзіреттілігін арттыруға арналған  тиімді ұсыныстар мен ризашылық білдірген ықыласты   серпілістермен аяқталды.

         Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.