ҚР Президенті Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде студенттермен «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бағдар» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамымызда латын әліпбиіне көшу жағдайына байланысты өзекті мәселелері мен оның шешу жолдарын бірлесе түсіндіру, ой бөлісу, пікірлесу.

Дөңгелек үстелге колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Д.Дабылова, институттың аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.С.Сугурбаева, «Жалпы пәндер» бөлімінің меңгерушісі А.О.Байжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Х.С.Таналиева мен орыс тілі пәнінің оқытушысы А.С.Каушовалар қатысып, айшықты ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – болашаққа, жаһандық кеңістікке кірігу құралы екендігі туралы тұжырымдар айтылып,  нақты дәлелдер келтірілді. Отырыс өз мақсатына жетті.

 

Сугурбаева А.С.,

кафедра аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.