Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыты – латыннегізді әліпбиге көшу мәселесі бойынша жоспарланған жүйелі жұмыстардың жалғасы ретінде «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басым бағыты» тақырыбындағы  кездесу   алаңы ағымдағы жылдың 8 ақпан күні  өтті.

Кездесу барысында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,  қазақ тілін дамыту және әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне енгізу   үшін  латын  әліпбиіне көшудің  қажеттілігі,  латыннегізді әліпбидің жаңа Жобасы қарастырылды.

Кездесуге Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы  М.А.Жонасова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінен филология ғылымдарының кандидаты Т.Ж.Тоқсанбаева, еңбек ардагерлері Қ.Қуан, Қ.Шүкіров және институт қызметкерлері қатысты.

Алаң  модераторы, институт директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева  Елбасының Рухани жаңғыру жолындағы идеялар мен бастамаларды негізге ала отырып,  сөз мәдениетін және жазу сауаттылығын жоғары деңгейде қалыптастыру үшін латыннегізді әліпбиді қолдайтындығын білдірді.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ф.ғ.к. Т.Тоқсанбаева компьютерлендіру дәуірінде қазақ әріптерін сан жағынан ықшамдай отырып интернет-технологияға бейімдеу,  ағылшын тілін жеңіл игеру, әлемдік білім кеңістігіне енуде латыннегізді әліпбидің тиімділігіне тоқталды.

Шара барысында  облыстың  еңбек ардагерлері қоғамдағы оң өзгерістерге өз пікірлерін айтып, тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойын­да оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың  ізін айқындап тұратын ұлы күш екендігіне тоқталды.

Қатысушылар  көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандармен пікірлесті.

        

Ж.Матсалаева,

институттың жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.