«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады.

Құнды еңбектің жасампаз халыққа, келешек ұрпаққа арналуымен, ел басынан өткен тарихи кезеңдерінің баспалдақтарын межелей жинақтаған кітаптың  талқылауын институт директоры,филология ғылымдарының кандидаты Н.М. Абишева бастады.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.А.Абдоллаев «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінің тарих беттеріндегі негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдеріне дейінгі келтірілген мағлұматтарға тоқталды.  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» мәдениетті дамыту аймақтық кеңесінің төрағасы Е.Ж.Құрманбеков сапалы еңбекті түсіндірудегі танымдық ерекшіліктерге мән беріп, «тұтас дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығарма» деген баға берді. Институттың «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к. А.Туксанбаев кітап мазмұнының ішіндегі «Адам капиталының жаңа сапасы. Білім, ғылым, мәдениет, спорт » бөліміндегі білім беру жағдайына байланысты жинақталған мәліметтерін саралап түсіндірді.

Ал,«Мұғалімдердің психологиялық,педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. доцент А.Қ. Каплиева өзіндік ой-пікірді «Жаһандық технологиялық өзгерістер»тарауына,Елбасы Жолдауларындағы келешекке жетелеуде рухани байлықтың мәйегі болар тәрбие тағылымдарының негіздерін жетілдіруге арнады.Институттың кітапхана бөлімінің бастығы Н.Н.Ермекова Елбасы еңбегінің ел тарихына арналғанын  зерделей жеткізді. «Біздің жолымыз –даму жолы» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.Пікірлесу соңы қатысушылардың Мемлекет басшысы еңбегінің әлем көз тіккен Қазақстанның жасампаз халқына,ұрпағына арнаған құндылық көзі екенін  дәлелдеді.

Р.К.Назарбаева,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.