Қазіргі кезде білім мен тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушылардың денсаулығын және психологиялық қауіпсіздігін қорғау, әрбір білім беру ұйымының және мұғалімнің жұмысында міндетті бағдары және осы заманғы білім берудегі жетістіктері болып табылады. «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-да 2018 жылдың 29.01.-09.02. аралығында «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында педагог-психологтар үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Аталған курс аясында Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінде «Психолог – адам жанының бағбаны» атты мектеп психологтарына арналған семинар-практикум өз деңгейінде өтті. Мектеп психологтары Ж.Т.Нұрмаханова мен М.А.Пузаренко  әріптестеріне оқушылармен жұмыс істеудің түрлі формалары туралы айтып,  тренигтер өткізді.

 Семинар-практикум мақсатына жетіп, рефлексиямен аяқталды, ұсыныстар қабылданды.

К.З. Сансызбаева,

аға оқытушы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.