«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында ғылыми жетекшісі, директор орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаева және  кафедра аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі,  үйлестірушісі – С.М.Шаштығаринаның ұйымдастыруымен «Акмеологиялық орта – педагогтердің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамытудың табысты негізі» эксперимент алаңының тақырыбы аясында директор орынбасарлары және әдіскерлермен кездесу өтті.

  Кездесуде аталған тақырып төңірегінде зерттеуге қатысты ұйымдастырушы-әдістемелік сұрақтар қызу талқыланды.  

Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамаларды әзірлеу жұмыстары бойынша алғашқы қадам жасалынып, алдағы екі жылға арналған эксперименттік жұмысының  іс-қимыл Жоспары қабылданды.  

Ғылыми жобаның  қатысушылары  облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты,  дарынды балаларға арналған интернат,  "Білім –инновация" музыкалық мектебі, Қазанғап орта мектебі және Ақтөбе қаласындағы №15, 47, 39 ОМ.

Жобаның   барлық қатысушыларына АКМЕ-ге ұмтылу,  кәсіби жетілу және шеберлікті шыңдауда «Мен-тұжырымдамасын» жаңарту бойынша қызықты педагогикалық ізденістер мен сәттілік тілейміз!

  

Трнабаева Н.С.,

бөлімінің бастығы, техника ғылымдарының кандидаты

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.