«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Бір институт – бір кітап» акциясы аясында Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылады.

Талқылау институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К. Кибатаеваның  кітапта келтірілген еліміздің негізі қаланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі барлық игіліктері және  қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктерін қамтыған мағлұматтарды жеткізуімен басталды. «Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі  п.ғ.к. доцент А.Қ. Каплиева Қазақстан жаңғыруының үш кезеңі нақты зерделеген бұл кітаптағы  «тарихи әділеттілік салтанаты», «тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «басты құндылығымыз – бейбітшілікті қастерлей білдік» деген тараулардың тарихи маңыздылығы мен тұлғалық көзқарастың ерекшелігіне тоқталды. Тарихи публицистика жанрында жазылған еңбектің «қазақстанның даму үлгісінің табиғаты» мен басты ұстанымдары кеңінен ашылғандығына орай «Мониторинг және талдау бөлімінің» бастығы Д.К. Халетова өзіндік пікір қосты. Жаңа жаһандық ахуал жағдайын жаңғыртатын сүбелі еңбектің мән-мағынасын  одан әрі  тереңірек түсіну мен талдау үшін электрондық нұсқасы әр кафедра бөлімдеріне жіберілді.  

Аталған кітаптың әр тарауындағы бөлімдерді зерделей отыра институт ұжымы –еңбектің  құндылығын, өміршең мәселелерін, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары  қол жеткізген жетістіктерін  қызу талқылауда еңбектің елдігіміздің іргетасына айналып, ұрпаққа үлгі боларына сенім білдірді. 

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.